Көше тазалап жүрген жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен қайтыс болды

Көше тазалап жүрген жүк көлігінің жүргізушісі кенеттен қайтыс болды

Павлодарда көше тазалайтын жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. 48 жастағы ер адам Орталық стадион маңындағы Толстой көшесінде жұмыс істеп жатқан. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.

Жедел жәрдем оқиға орнына 6 минутта жеткен.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер ер адамды ажалдан аман алып қала алмады», – деді Денсаулық сақтау департаментінің өкілі.
Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады.

Бұған дейін жертөлені жөндеп жатып, жарақат алған жұмысшылар ауруханада қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.