«Атамекенді» Баталов басқаратын болды
«Атамекенді» Баталов басқаратын болды
Фото: atameken.kz

Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болды.

Райымбек Баталов «Атамекен» ҚР ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезінде көпшілік дауыспен төралқа төрағасы болып сайланды. Райымбек Баталов биыл 17 ақпан күні төралқа төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалған еді. Ол «Ridder Invest» металлургиялық кешенінің басқарушы директоры, «Новоджамбул фосфор зауыты» химия кешенінің басшысы, Шымкент 3-ЖЭО, Меркі қаласындағы қант зауытының, Тобыл элеваторының меңгерушісі, «Райымбек» сауда компаниясының негізін қалаушы, «Райымбек» холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы (1992 жылдан) болды. Сондай-ақ:
  • Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы (2002);
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) Іскерлік кеңесінің басшысы (2005);
  • Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның мүшесі (2007);
  • Қазақстан су асты спорты федерациясының президенті (2009);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-министрі төрағалық ететін Бірыңғай үйлестіру кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі (2010 жылдан);
  • Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы, Мәскеу қ. (2012 жылдан);
  • ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы (09.2015 ж. бастап);
  • Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті (2015 жылдан);
  • Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті (03.2017 ж. бастап)
  • ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушы болды.

Бұған дейін бұл қызметті Тимур Құлыбаев атқарды.