Салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық файтер қарсыласымен төбелесіп қалды
Салмақ өлшеу рәсімінде қазақстандық файтер қарсыласымен төбелесіп қалды
505
оқылды
Өзбекстанның Ташкент қаласында Octagon турнирінің салмақ өлшеу рәсімі өтті. Қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар жекпе-жек алдында төбелесіп қалды. Оқиға салмақ өлшеу кезінде болған. Еркебұланды өзбекстандық қарсыласы Абдул-Азиз Сотволдиев итеріп жіберген. Қазақстандық жауап ретінде қарсыласын аяғымен теуіп жіберген. Айта кетері, Еркебұлан Тоқтар – актер. Кәсіби ММА-да үш жекпе-жек өткізген, бір рет жеңіліп, екі мәрте жеңіске жетті.