Батыс Қазақстанда бірқатар жолдар жабылды
Батыс Қазақстанда бірқатар жолдар жабылды
218
оқылды
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар жол учаскесі жабылды.
БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметі бойынша, 20 қаңтарда жергілікті сағат 11.30-дан бастап облыстық маңызы бар Чапаев-Жаңақала-Сайқын (0-337 км), Ақсай-Жымпиты (38-159 км) жолдарында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Оған қатты боран салдарынан жолдың көріну деңгейінің нашарлауы себеп. Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
Сонымен қатар ауа райының жақсаруына орай «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, республикалық маңызы бар Орал-Тасқала (Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал ( Чапаевтан Атырау облысының шекарасына дейін), Чапаев-Жалпақтал-Казталов (Чапаев-Үштөбе) жолдары ашылды.