Америкалық компания жер бетіндегі барлық адамның фотосуретін жинамақ
Америкалық компания жер бетіндегі барлық адамның фотосуретін жинамақ
230
оқылды
ClearView AI жер шарындағы адамдардың 100 миллиард фотосуретін жинауды көздеп отыр. Мұндай көлемдегі фото "әлемдегі барлық дерлік адамдарды идентификациялауға" жеткілікті, деп хабарлайды The Washington Post. Компания мұндай шара бүкіл әлемдегі құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қадағалау жүйесін құруға көмектеседі деп санайды. Clearview AI үшін фотосуреттердің негізгі көзі - әлеуметтік желілер мен адамдардың өзі суреттерін орналастыратын әртүрлі веб-сайттар. Суреттер адамдардың келісімінсіз жиналатыны айтылады. Facebook, Google, Twitter және YouTube, рұқсатсыз дерек жинауды дереу тоқтатып, дерекқордан фото-контентті жоюды талап еткен Бұған жауап ретінде Clearview AI өздерінің бұл әрекеті заңды екенін айтып, АҚШ-тың Конституциясының Бірінші өзгерісінде қабылданған норманы алға тартты. Компания жобаға 50 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Бүгінгі күні 10 миллиард сурет жинап үлгерген.