«Кредит алып берген» – Атырауда 7 баласы бар әйелді өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты  
«Кредит алып берген» – Атырауда 7 баласы бар әйелді өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты  
Фото: yandex.kz
161
оқылды

Былтыр 7 баласы бар әйелді төленбеген кредит үшін танысы пышақтап кетті. Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық соты көпбалалы әйелді өлтірген күдіктіге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Ақ Жайық жазды.

Былтыр Құлсары қаласы әкімдігі ғимаратының артындағы ашық алаңқайда 7 баланың анасын пышықтап кетті. Сол күні келіншек жұмыстан өте  кеш шыққан. «Алтын алқа» иегері, 35 жастағы келіншек әкімдік ғимараты жанындағы полиграфиялық мекемеде  еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал оны пышақтап өлтірген күдікті  екеуі бұрыннан жақсы таныс болған.
Осы оқиғадан соң полиция Құлсары қаласының тұрғыны 1986 жылғы әйелдің өліміне кінәлі 1996 жылы туған күдіктіні ұстады. Ол 35 жастағы әйелге кредит алып берген.
Тергеуде істің ақ-қарасы анықталып, сот күдіктіні 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің артында қалған 7 баланың кішісі – 5 жаста, ең үлкені колледжде оқиды.