Бас прокуратураның мәліметінше, бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 452-бабына сәйкес, қызметтегі әрекетсіздік дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.
2022 жылғы 20 ақпанда осы қылмысты жасады деген күдікпен Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген ресми хабарламада.