18 жастағы қарағандылық Еуропадағы ТОП-30 кіретін клубпен келісімшартқа отырды
18 жастағы қарағандылық Еуропадағы ТОП-30 кіретін клубпен келісімшартқа отырды
©.inform.kz
364
оқылды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Данил Анкудинов молдавиялық «Шериф» футбол клубымен келісімшартқа отырды. Футболшы тіпті ойынға қатысып, қарсыластарының қақпасына екі рет гол салды.

– Келісімшартқа отырғаныма қуаныштымын. Сонымен қатар, осындай үлкен команданың мүшесі болуға рұқсат бергенідеріңіз үшін рахмет! – деп жазды футболшы өзінің Instagram парақшасында. Оның айтуынша, қарағандылық бозбала футболды бала кезінен ойнайды. Туған қаласында мықты ойыншы болып танылған ол, ең алдымен, Испанияға шақырту алады. Ол жақта «Марсет» пен «Касабланка» клубтарында ойнады. Соңғы жарты жылда мәскеулік «Родина» ФК-ның екінші командасында өнер көрсетті. Ескеретін дүние, «Шериф» футбол клубы 2021 жылғы әлемнің үздік клубтарының рейтингісінде «Интер» мен «Барселонаны» басып, 28-орынға тұрақтаған. Ал өткен жылдың күзінде клуб Чемпиондар лигасы турнирінің топтық кезеңіне қатысты. Сонда мадридтік «Реалды» жеңіп, топта 3-ші орын алып, Еуропа Лигасына өтті.