«Самұрық-Қазына» басшысы Президентті қорды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды
«Самұрық-Қазына» басшысы Президентті қорды реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды
219
оқылды

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.
Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.