Құрманғалиев Францияда жеңімпаз атанды
Құрманғалиев Францияда жеңімпаз атанды
197
оқылды
Мец қаласында үстел теннисінен жасөспірімдер ара­сындағы WTT Youth Contender турнирі мәресіне жетті. 15 жас­­қа дейінгі спортшылар арасында қазақстандық Алан Құр­­манғалиев жеңімпаз атанды. Алан турнир барысында украиналық Антон Дерлюкті, румыниялық Рарес Куэсдинді, Доминикан Республикасының өкілі Рафаэль Кабреруді, кореялық Ли Чонмоканы, польшалық Рафаль Формеланы, франциялық Натан Ламды және оның отандасы Флавиен Котонды ұтып, бірінші орын иеленді.  Ол қарсыластарының бәрін 3:1 және 3:0 есебімен ұтқан. Ал 19 жасқа дейінгі спортшылар санатында Санжар Жұбанов өз тобынан шығып, 1/32 финалға өтті. Бірақ Тимофей Герасименко екі ойында да ұтылып, топтағы соңғы орынға тұрақтады.