Көктемде су басу қаупі бар 285 елдімекенде 430 мыңнан астам адам тұрады – Юрий Ильин
Көктемде су басу қаупі бар 285 елдімекенде 430 мыңнан астам адам тұрады – Юрий Ильин
Фото: kz.sputniknews.ru
169
оқылды

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Премьер-министрге көктемде 285 елдімекенді су басуы мүмкін екенін айтты. Сол ауылдарда 431 мыңнан астам адам тұрады.

Аймақтарда су тасқынын болдырмау үшін 385 елдімекенге төнетін қауіп азайтылды. 5,2 миллион текше метрден астам қар шығарды. Сондай-ақ 51,1 км жағалауды нығайту және 71,7 км өзен арналарын тазарту, 77,6 км қорғаныс бөгеттерін салу және ағымдағы жөндеу, 2 гидротехникалық құрылыстарды салу, 6 гидротехникалық құрылыстарды жөндеу, 20,6 км салу және 25,1 км су бұру арналарын тазарту, 4 жергілікті құлақтандыру жүйесі орнатылды.

Бұған дейін су тасқыны тағы да сарсаңға түсіретінін жазған болатынбыз.