Ақтөбедегі жарылыс: 11 көлікке зақым келді

Ақтөбедегі жарылыс: 11 көлікке зақым келді

Бүгін түнде сағат 04:11-де Ақтөбе қаласында жарылыс болды.

Алматы ауданы, Смағұлова  № 15 мекенжайы бойынша «Альтаир» жанармай құю станциясының жануы туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу Ақтөбе қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары жіберілді.   Оқиға орнына Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келгенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету станциясында газ-ауа қоспасының жарылғаны анықталды. 600 шаршы метр ғимарат құлап, ТҚКС ішінде және жанында тұрған 11 көлік бүлінді. Жарылысқа газ себеп болған. https://youtu.be/bnBm1F2i_cY Оқиға орнында Ақтөбе облысы ТЖД 136 адам және 16 бірлік техника, сондай-ақ ЖАО  2 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Жоғалып кеткен 1954 жылы туған күзетшіні іздестіріп, оның  мәйітін тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігі  тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертеді.