Ақтөбеде 3 бала көлікте өртеніп кетті
Ақтөбеде 3 бала көлікте өртеніп кетті
Фото: mgorod.kz
584
оқылды
Ақтөбеде жол апаты болып, 15, 13 және 1 жастағы балалар көлік ішінде жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға бүгін Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолында болған. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «LADA Largus» көлігінің жүргізушісі алдындағы көлікті басып озу кезінде жол ережесін сақтамай, салдарынан «DAF» маркалы жүк көлігіне соқтығысқан. Кейін жолдың оң жағына қарай аударылған.
«Көлік аударылғанда әкесі терезеден ұшып кеткен. Ал көлік жанып кетті. Салдарынан 2007, 2009 және 2021 жылдары туған балалар көлік ішінде тірідей жанып кетті. Жүргізуші жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді», - деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.