Қазақстандық футзалдың көшбасшысы алматылық «Қайрат» клубына жаңа ойыншы қосылды. Енді бразилиялық Ранжельдің орнын Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санз басатын болды. Карлос Венесуэла құрамасында 2014 жылдан бері ойнап келген. Оңтүстік америкалық спортшы «Қайратпен» 1,5 жылға келісімшартқа қол қойды. Енді Санз алматылық командада 18-ші нөмірмен өнер көрсетеді. 25 жастағы қорғаушы әр жылдары Италия, Хорватия, Перу және Эквадор чемпионаттарында ойнады. Ал «Қайраттан» кеткен Ранжел өзінің туған жерінде бразилиялық «Пато Футзал» командасында ойнайтын болады.