Лопес – үшінші орында
Лопес – үшінші орында
186
оқылды
Испанияда өткен «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндігі аяқтал­ды. Бұл жарыста Astana Qazaqstan Team клубының екі бірдей велошабандозы үздік ондықтың қатарынан көрінді. Көптеген дүбірлі додада дараланып жүрген Мигель Анхель Лопес Пиреней түбегінде үшінші орынды иеленді. Қазақстандық команданың сапындағы 28 жастағы колумбиялық легионер жарыс жеңімпазынан небәрі 15 секунд қалып қойды. Өзіміздің Алексей Луценко тоғызыншы орынға табан тіреді. «ТОП-10» велошабандоздың санатына қосылуға Харольд Техаданың да жақсы мүмкіндігі болды. Бірақ сәл ғана сәттілік жетіспеген Оңтүстік Американың өкілі 12-сатыға жайғасты. Ал Симоне Веласко 47 және Евгений Федоров 74-орындарды қанағат тұтты. Аталған көпкүндікте Bahrain Victorious клубының серкесі Ваут Пулс алдына жан салмады. 34 жастағы Нидерландтың сақа спортшысының нәтижесі – 20 сағат 21 минут және 27 секунд.