Қазақстанда жылқы мен түйе көбейді

Қазақстанда жылқы мен түйе көбейді

Былтыр ірі қара мал басы 8,2 миллионға жетті. Бұл 2020 жылға қарағанда 4,3%-ке көп. Naryk.kz-тің мәліметінше, қой мен ешкі басы 4% (20,9 млн бас), жылқы басы 10,5% (3,5 млн бас), түйе басы 6,9%-ке (243,4 мың бас) ұлғайды. Құс саны 10,6%, 47 787,4 мың басқа дейін өсті.

Сонымен қатар мал шаруашылығы өнімдерін өндіруде: ет – 5% және сүт - 3,2% ұлғайып отыр.
Мал азығымен қамтамасыз ету саласында 2022 жылға 24,2 млн тонна шөп, 1,6 млн тонна пішен, 2,0 млн тонна сүрлем, 4,8 млн тонна сабан және 5,2 млн тонна құнарлы жем дайындалды.
Бұдан бөлек министрлік әкімдіктерімен бірлесіп, мал азығының қорын тұрақты бақылап отырады.

Бұған дейін жұтта малы қырылған шаруаларға шөп жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.