Опытное поле ауылының тұрғыны интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан
Опытное поле ауылының тұрғыны интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан
Фото: polisia.kz
143
оқылды

Полицейлер интернет-дүкен арқылы есірткі сатқан ауыл тұрғынын ұстады, – деп жазады polisia.kz.

ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интернет-дүкен арқылы есірткі сатумен айналысады деген күдікпен Глубокое ауданы Опытное поле ауылының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту барысында оның үйінен салмағы 159,43 грамм кептірілген марихуана табылды. Ауыл тұрғыны әлеуметтік желіде интернет-дүкен арқылы есірткіні Өскемен қаласында сатқан.
 «Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның негізінде, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді департамент өкілі.
https://youtu.be/tIiLu3p0huc

Бұған дейін астанада есірткі сақтаған екі жас қыз ұсталған еді.