Утилизациялық алым мөлшері 50 процентке азайды
Утилизациялық алым мөлшері 50 процентке азайды
Фото: www.retail.ru

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында утилизациялық алымның жаңадан бекітілген мөлшерлемесін айтты.

Утилизациялық алымының мөлшерлемесінің екі есеге төмендегенін құрамына бейінді министрліктер, мүдделі қауымдастықтар, қоғамдық белсенділер және тұтынушылар кіретін жұмыс тобы жариялады. Ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алымы жүйесінің жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруді тапсырды. 19 қаңтарда РОП «Жасыл даму» АҚ ұлттық меншігіне қайтарылды. 8 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Тоқаев утилизациялық алымының мөлшері қайта қаралатынын және талқылаумен жұмыс тобы айналысады деп атап өтті. Бүгінгі таңда халықтың уәжіне үкімет құлақ түрді десек болады, демек утилизациялық алым төңірегіндегі айтыс аяқталуы керек. Қалғаны – саясат.