Әбдіжаппар Әлқожа жетісайлықтарға алғаш рет акуланың етін жегізді
Әбдіжаппар Әлқожа жетісайлықтарға алғаш рет акуланың етін жегізді
©А.Ахметқазы
729
оқылды

Кеше Әбдіжаппар Әлқожа Ахмад-Әли және Расул есімді екі ұлын сүндетке отырғызып, Жетісайда ұлан-ғайыр той жасады. Ел-жұртты шақырып, 30 мың адамдық көкпар ұйымдастырған. Сондай-ақ кешке тойханада құрметті меймандарға дастарқан жайылды.

Дастарқанның ағыл-тегіл болғаны соншалық, әнші АҚШ-тан акула етін алдыртып, меймандарға ұсыныпты. Акуланы арнайы дайындаған аспаздың айтуынша, тойға келген қонақтың саны 500-ге жеткен. Оның тең жартысы – қазақ эстрадасының жұлдыздары. – Акуланы дайындаудың өзі 50 мың теңгеге шықты. Арнайы Америкадан алдырттық. Негізі акуланың мөлшеріне қарай бағасы да қымбаттай береді. Өзімнің досым болған соң, ерекше тағам дайындағымыз келді, – дейді аспаз Бағдат Қадыров. Есіңізге сала кетейік, Әбдіжаппар Әлқожа 30 мың адамға көкпар беріп, 10 миллион теңге мен оншақты көлікті ұтысқа тікті.