Киевке әуе рейсі тоқтады, ұшақ билетін қайтара ма?
Киевке әуе рейсі тоқтады, ұшақ билетін қайтара ма?
Фото: nur.kz
208
оқылды

Украинада қақтығыс басталуына байланысты әуе кеңістігі жабылды.

Сол себепті, Air Astana Киевке барлық рейсті 7 наурызға дейін тоқтатты. Жолаушылар SMS арқылы хабарландырылды. 22 ақпан – 7 наурыз аралығында ұшатын рейстердегі билеттер бойынша 31 наурызға дейін тегін күнін өзгертуге және тегін қайтаруға рұқсат. Киев бағытындағы рейстер туралы ақпарат airastana.com сайтында жарияланады. Украинада әуе қатынасының тоқтауына байланысты жедел желі іске қосылды.

Бүгіннен бастап Киевтен Қазақстан азаматтарын эвакуациялап жатыр.