Бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді
Бүгін Президенттің баспасөз хатшысы Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты сұхбат береді
Фото: ernur.kz
244
оқылды

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Ресей мен Украинадағы жағдайға қатысты бүгін 20:30-да Qazaqstan ұлттық телеарнасына арнайы сұхбат береді.

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастағанын жариялады. Қазір екі ел арасында әскери іс-қимылдар жүріп жатыр. Осы мәселеде Қазақстанның ұстанымы қандай екенін, сондай-ақ Қаңтар оқиғасына қатысты сауалдарға жауап береді.

Қазақстан ұшақтарына Украинаның әуе кеңістігімен ұшуға тыйым салынды.