Air Astana президенті Қазақстан азаматтарын эвакуациялаймын деп Киевтен қайта алмай отыр
Air Astana президенті Қазақстан азаматтарын эвакуациялаймын деп Киевтен қайта алмай отыр
Фото: abilet.kz

Кеше соғыс өрті тұтанған Украина астанасы Киев қаласына Air Astana компаниясының президенті Питер Фостер екі күнге арнайы іссапармен барды. Бұл туралы Питер Фостердің жұбайы Татьяна Фостер Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Күні кеше күйеуімді Ақтауға бар-жоғы екі-ақ күнге «іссапарға» барамын дегенге жолға шығарып салдым. Бірақ оның жүзінен көңілінде кірбің бар екенін байқасам да, сездірмедім. Бүгін таңертең Киевте екенін, «іссапардың» мән-жайын жасыруға мәжбүр болғанын айтып хабарласып тұр. Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялауда жауапкершіліктің жүгі ауыр. Ол жақта таңғы сағат 5-те бомба тасталып, соғыс басталған сәтте Air Astana-ның жердегі қызметіне тікелей жауапты компанияның вице-президенті Александр Небога екеуі Қазақстанның Украинадағы елшілігінде эвакуация мәселесін талқылап, шешім қабылдады», – деп жазды Татьяна Фостер.    width= Айта кетейік, бұған дейін Сыртқы істер министрлігі Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарлағанын хабарлағанбыз.
«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары. 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр» делінген СІМ хабарламасында.
Аталған рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз «жасыл дәліз» қамтамасыз етіледі.

«Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті – Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығына келуі керек. Тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49» делінген хабарламада.