Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ
Эпидемиологиялық ахуал жақсарып, «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ
Фото: tengrinews.kz
186
оқылды

25 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: бірде-бір өңір қалған жоқ. «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Қазақстанда бір күнде 523 адамнан коронавирус анықталды.