Қазақстанда Сбербанктен ақша шешіп алуға шектеу бар ма?  
Қазақстанда Сбербанктен ақша шешіп алуға шектеу бар ма?  
Фото: kapital.kz
191
оқылды

Сбербанк Қазақстан штаттық тәртіпте жұмыс істеп тұр. Жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді, – деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

«Теңгедегі және шетел валютасындағы шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру кеңселер, банкоматтар, Sber KZ мобильді қосымшасында және СберБизнесте, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету каналдарында шектеусіз қолжетімді. Барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша тауарлар және қызмет ақысын төлеу, ақша аударымдары және операциялар жүргізіліп жатыр және толық көлемде қолжетімді болады. Валюта айырбастау шектеусіз жүргізіледі» делінген хабарламада.
Шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді.

Бұған дейін Еуропалық комиссияның басшысы Еуропалық Одақ негізгі технологиялар мен нарыққа кіру арналарын бұғаттап, Ресей экономикасының стратегиялық секторларына санкциялар салатынын мәлімдеді.