Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Бас прокурор қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Бас прокуроры лауазымынан босатылсын» делінген Президент Жарлығында.
Ғизат Нұрдәулетов 1964 жылы 11 маусымда туған.
1986 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры.
1987-1990 жж. – ұжымшар заңгері.
1990-1996 жж. – прокуратура органдарында жұмыс істеген.
1996-1997 жж. – ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында жұмыс істеген.
1997-2007 жж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті.
2007-2017 жж. – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары.
2019 жылдың 18 наурызынан Қазақстан Республикасы Бас прокуроры болған еді.