Ернар Фидахметов чемпион атанды
Ернар Фидахметов чемпион атанды
555
оқылды
Түркияның Ыстанбұл қаласында күрес түрлерінен рейтингілік «Яшар Догу» турнирі басталды. Бірінші жарыс күнінде грек-рим күресінің балуандары белдесті. 55 келіде финалда белдескен Аманғали Бекболатов күміс жүлдегер атанды. Ол ақтық сында түркиялық Адем Бурак Ұзынмен кездесіп, 5:6 есебімен қарсыласқа жол берді. Осы салмақтағы Марлан Мұқашев те қола жүлде үшін күресте жеңіліп қалды. 60 келі салмақта қазақстандық Ернар Фидахметов топ жарды. Ол финалда түрік палуаны Экрем Өзтүрктен басым түсті. Ернардың бауыры Ернұр Фидахметов осы салмақта қола жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, 63 келіде ел намысын қорғаған Айдос Сұлтан­ғали мен Ғалым Қабдыназаров жүлдеге іліккен жоқ. Ал 67 келіде белдескен Мейіржан Шермаханбет турнирдің қола жүлдесін жеңіп алды. Ол жартылай финалда норвегиялық Мортен Торренсоннан жеңілген. Турнирде сынға түскен екі қазақстандық палуан Сұлтан Әсетұлы мен Данияр Қаленов алғашқы айналымнан ары аса алмады. 87 келідегі Умалт Даудов қола жүлде үшін күресте түркиялық палуанға есе жіберсе, 97 келідегі Умаев та қолаға қол­созым жерден сүрінді.

А.ЖАСАНҰЛЫ