Олимпиадаға даярлау орталықтары ашылады
Олимпиадаға даярлау орталықтары ашылады
404
оқылды
Елімізде Олимпиада ойындарына даярлайтын орталықтар ашылмақ. Бұл туралы Бейжіңде өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының қорытынды­сына арналған кеңейтілген отырыста белгілі болды. – Спорттық резервке қатысты келесі жайт өңірлік, қалалық және ұлттық деңгейдегі олимпиадалық резервті даярлау орталықтары­ның қызметімен байланысты. Қазір респуб­ликалық олимпиадаға даярлау орталықтарын ашу мәселесі пысықталып жатыр. Орталық­тардың өз спорттық базасы болады. Сондай-ақ жас спортшыларды даярлаудың негізгі саты­ларының бірі – интернат үлгісіндегі спорттық білім беру мекемелері. Бұл бастаманы да қолға алу жоспарда бар, – деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев. Министрдің мәліметінше, бүгінде 12 өңірде спортта дарынды балаларға арналған 13 облыстық мектеп-интернат жұмыс істеп тұр. – Спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оларды барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ету керек. Облыстық бюджет есебінен және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде қосымша спорт базаларын салу қажет деп санаймын. Әсіресе, ұлттық құрама командаларды даярлауда сапаға баса назар аудару қажет, – дейді ол. Бұған дейін ведомство басшысы отандық спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданатынын айтқан еді.

Әбілмансұр ЖАСАН