Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.
72 келіде сынға түскен Жәмила Бақбергенова барлық қарсыласын тізе бүктірді.
Ол Литва, Түркия, Ресей балуандарын ұтып, ақтық сында германиялық Анна Карменн Шелді 8:2 есебімен жеңді.
76 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева турнирдің қоласын қанағат тұтты. Ол кіші финалда АҚШ балуанын ұтқан.