Саят Медеуов көлік апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті
Саят Медеуов көлік апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түсті
688
оқылды

Әнші Саят Медеуов жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл ақпаратты композитор, әнші Ербол Спаналиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

"Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!", – деп жазды Ербол Спаналиев. Одан бөлек, композитор Рүстем Арсланов та желідегі парақшасында әншінің аман-есен сауығып кетуін тілеп жазған. [caption id="attachment_185945" align="alignnone" width="978"]саят медеуов ©kaz.tengrinews.kz[/caption] Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғаны туралы ақпарат жоқ. Әнші Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек еді. Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған.