Украинадағы Қазақстан азаматтары бүгін түнде Алматыға жеткізіледі

Украинадағы Қазақстан азаматтары бүгін түнде Алматыға жеткізіледі

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар Атырауға қарай ұшып шығып, Алматыға түнде келеді.

«Қазақстандықтар отырған ұшақ Катовице қаласының уақыты бойынша сағат 10:30-да Атырауға қарай ұшып шығады. Алматыға түнгі сағат 00:30-да келеді деп күтілуде. БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады» делінген ресми хабарламада.
Екінші рейс 1 наурызға жоспарланып отыр. Бүгін Украинадағы Қазақстан азаматтарын әкелуге  бірінші рейс Атыраудан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, 179 жолаушыға арналған.

Бұған дейін Air Astana президенті Қазақстан азаматтарын эвакуациялаймын деп Киевтен қайта алмай отырғанын жазған болатынбыз.