«Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезінде қандай мәселелер қаралады?
«Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII съезінде қандай мәселелер қаралады?
190
оқылды
Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-тегі парақшасында партияның кезектен тыс XXII съезінде қандай мәселелер қаралатынын айтты. 
"Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады.
Бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілді. Екі мәселе қаралады:
1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.
2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы", - деп жазды ол.