Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың арнайы рейсі Алматыға келді
Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың арнайы рейсі Алматыға келді
Фото: zakon.kz

Эвакуацияланған қазақстандықтардың арнайы рейсі Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

  Эвакуациялық рейстің алғашқы жолаушылары үйіне оралды. Украина мен Польшаның мемлекеттік органдары арасында жасалған келісімдер аясында қазақстандықтарды визасыз және ПТР-тестілеусіз шекарадан өткізу қамтамасыз етілді. Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды күніне үш уақыт тамақтандыруды қарастыратын қонақ үйге орналастыру шарасын ұйымдастырды. Олардың барлығына Алматыда болған уақытында жан-жақты қолдау көрсетіледі. Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандарды, оның ішінде психологтарды көмекке тартуға дайын.