Әлем біріншілігі аяқталды
Әлем біріншілігі аяқталды
244
оқылды
Норвегияда шаңғы жарысынан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Соңғы жүлде жиынтығы аралас эстафета жеңімпаздарына табысталды. Бұл сында Қазақстан намысын Камилла Махмұтова, Святослав Матасов, Темірлан Төлегенов және Лаура Киныбаевалар қорғады. Жарыс нәтижесі бойынша олар 15-орынға тұрақтады. Айта кетейік, алтын жүлдені Норвегия, күміс жүлдені Франция, қола жүлдені Ресей командасы еншіледі.

Әбілмансұр ЖАСАН