Сауда-саттық қорытындысы бойынша 25 ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір апта ішінде 7,1%-ға (428,32 теңгеден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 458,91 теңге болды. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.
18-25 ақпан аралығында дамушы елдердің валютасы Украина төңірегіндегі қақтығыстың ушығуы салдарынын құнсызданды.
Сейсенбі күні Ресей Федерациясы ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін мойындап, қарулы күштерді қолдануға рұқсат берді. Ресей Федерациясының арнайы әскери операция жүргізуі аясында тәуекел-сентименттің жаһандық төмендеуі және тәуекелдің туындауын болдырмау байқалады.
Энергия тасымалдағыштарды жеткізудегі ықтимал іркілістерге қатысты дағдарыстың шиеленісуіне байланысты мұнай бағасын белгілеу рекордтық мөлшерге жетті. 2014 жылғы қыркүйектен бастап мұнай бағасы алғаш рет барреліне 100 АҚШ долларынан асып түсті.
Дамушы елдер валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының[1] серпіні төмендегідей:
Оңтүстік Африка ранды жаһандық тәуекел-сентиментінің төмендеуі аясында 0,2%-ға (15,13-тен 15,16-ға дейін) әлсіреді; Бразилия реалы Украинадағы дағдарыстың шиеленісуі және инфляция салдарынан 0,2%-ға (5,14-тен 5,15-ке дейін) әлсіреді; Мексика песосы геосаяси тәуекелдердің өршуі және ақпан айының ортасында инфляцияның күткеннен де жоғары болуы аясында 0,3%-ға (20,29-дан 20,35-ке дейін) әлсіреді; Индонезия рупиясы тәуекел дәрежесінің нашарлауы аясында 0,3%-ға (14327-ден 14364-ке дейін) әлсіреді; Үнді рупиясы жеткізілімдердегі іркілістерге қатысты қауіптерге байланысты энергия тасымалдағыштар бағасының рекордтық өсуі аясында 0,8%-ға (74,66-дан 75,29-ға дейін) әлсіреді; Түрік лирасы Украина төңірегіндегі тұрақсыз геосаяси шиеленіс пен инфляцияның өсуі аясында 1,2%-ға (13,66-дан 13,82-ге дейін) әлсіреді; Ресей рублі арнайы әскери операцияның жүргізілуі, Ресейге қатысты санкциялық шектеулердің өсуі аясында 8,1%-ға (77,49-дан 83,75-ке дейін) әлсіреді.