Ресей спортшылары халықаралық жарыстарға қатыса алмайды
Ресей спортшылары халықаралық жарыстарға қатыса алмайды
Фото: news.myseldon.com
297
оқылды

Украинадағы ахуалға байланысты Ресей спортшыларына қатысты санкция күшейді, – деп жазады 24.kz.

Халықаралық олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстарға шақырмауға және қатыстырмауға кеңес берді. Олар тек бейтарап спортшы не команда ретінде ғана өнер көрсете алады. Оның өзінде әр өтінішті халықаралық федерациялар арнайы қарастырып, бөлек шешім шығарады.
ФИФА мен УЕФА да ресейлік командаларды халықаралық турнирлерден шеттетті. Мәселен, 24 наурыз күні әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Ресей Польшамен жарысуы керек еді. Бірақ Польша құрамасы одан бас тартты. Кезекті қарсыластары Чехия мен Швеция құрамасы да осындай мәлімдеме жасады.
Хоккейден де шетелдік командалар Ресейде ойнаудан бас тартып жатыр. Мәселен, Құрлықтық лигада латвиялық «Динамо» мен финляндиялық «Йокерит» чемпионаттан шығып, арадағы келісімді бұзды.

Бұған дейін Ұлттық банк Ресейге салынған санкцияның Қазақстан экономикасына әсері туралы жазған болатын.