Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды
Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды
Фото: massaget.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайды, – деп жазады inform.kz.

Бүгін астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс съезі өтті.
«Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қалуы керек», – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұған дейін партия атауын «Аманат» деп өзгертуге қатысты «Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Мемлекеттілік, дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз, міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады» деген еді.