«Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды» – Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді
«Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды» – Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдірді
Фото: yandex.kz
212
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan («Аманат» болып атауы өзгерді ред.) партиясының кезектен тыс съезіне қатысты. Украинадағы ахуалға қатысты пікір білдірді, – деп жазды tengrinews.kz.

«Өкінішке қарай, Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды. Соның салдарынан Украина аумағында әскери операциялар жүріп жатыр. Геосаяси ахуал бұрын-соңды болмаған жағдайда шиеленісіп кетті. Бұл туралы бірнәрсе айту қиын. Сондықтан екі мемлекетті келіссөз үстелінде тіл табысып, келісімге келуге шақырамын. Басқа жол жоқ. Жақсы даудан, жаман татулық артық. Бейбітшілік болмаса, даму болмайды. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Мемлекет басшысы 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын жариялайтынын хабарлаған болатынбыз.