Украинадан қайтқан ел азаматтары Катовице қаласына жиналды. Қазақстандықтарды эвакуациялауға арналған екінші рейс Атыраудан Польшаның Катовице қаласына ұшты, – деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті. "Қазақстан азаматтарына жіберілген екінші ұшақ Атыраудан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 10:13-те ұшты. Катовице әуежайына борт болжам бойынша Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 14:19 шамасында қонуы керек", – делінген хабарламада. Бұған дейін Украина-Польша шекарасын 241 қазақстандық кесіп өткенін хабарлаған болатынбыз.