Доллар бағамы 7 теңгеге түсті
Доллар бағамы 7 теңгеге түсті
© inbusiness.kz
239
оқылды
Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлады қазақстандық Қор биржасы. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша  доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп,  487,75 теңгені құрады. Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 1 наурызда 495,00 теңге деңгейінде бекіткен болатын.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды 487,26 теңгеге сатып алып, 492,84 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пунктерінде орта есеппен 486,09 теңгеге сатып алып,  491,48 теңгеге сатып жатыр.