Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, – деп хабарлады қазақстандық Қор биржасы.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп, 487,75 теңгені құрады.
Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 1 наурызда 495,00 теңге деңгейінде бекіткен болатын.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды 487,26 теңгеге сатып алып, 492,84 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пунктерінде орта есеппен 486,09 теңгеге сатып алып, 491,48 теңгеге сатып жатыр.