Ақмола облысында туған күн тойлаған үйде 3 адам көз жұмды
Ақмола облысында туған күн тойлаған үйде 3 адам көз жұмды
292
оқылды
Бұланды ауданының Купчановка ауылында 81 шаршы метр жеке тұрғын үйде өрт болды. Өрт сөндіру бөлімшесі келген уақытта үй толығымен отқа оранған. Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан 1976, 1987 жылғы екі әйел мен 1994 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Бір адам терезені сындырып шығып аман қалған және де оқиға орнына өрт сөндірушілерді шақырған.
«Алдын ала ақпарат бойынша, үй иесі, 1976 жылы туған әйел достарымен ұлының кәмелетке толғанын атап өтпек болған. Кейін өрт кезінде келген қонақтар үй иесімен бірге қаза тапқан», – деді Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік-өрт бақылау басқармасының бастығы Думан Далешов.
Өрт 03-10 ауыздықталып, 04-55 толық өшірілді. Өрттің себебі мен қаза болу жағдайлары анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиға орнына ТЖД 11 қызметкері мен 3 бірлік техникасы шықты. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.