Нұр-Сұлтанда жолда кетіп бара жатқан көлік өртенді
Нұр-Сұлтанда жолда кетіп бара жатқан көлік өртенді
464
оқылды

Нұр-Сұлтанда жолда кетіп бара жатқан көлік өртенді, жолда өртенді, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 27 ақпанда сағат 00:30 шамасында болған.
«Есіл ауданындағы Қарқаралы-4 тасжолында Toyota Camry көлігі өртеніп жатыр. Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болды», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің алты қызметкері мен бір техника жұмылдырылды. Өрт сағат 00:49-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.