Зеленский қазір Украинада не болып жатқанын мәлімдеді

Зеленский қазір Украинада не болып жатқанын мәлімдеді

Еуропарламентте сөз сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық ірі қалалары бұғатталғанын мәлімдеді, – деп хабарлады РИА Новости.

"Қазір Украинаның барлық ірі қалалары бұғатталған", – деді ол.
Зеленский баяндамасында соғыстың қасіреті, өлген балалар және халықтың бостандық пен құқығы үшін қалай күресіп жатқанын айтты. Сонымен қатар ЕО-ға Украинаның кіру өтініші қабылданғаны белгілі болды. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский екі ел арасындағы келіссөзде қандай келісімге келгендерін айтқанын жазған болатынбыз.