Владимир Зеленский РФ президентінің ұсынысына келісімін берді
Владимир Зеленский РФ президентінің ұсынысына келісімін берді
Сурет: tvc.ru
238
оқылды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путиннің ұсынысына келісімін берді және ол атысты тоқтату мен бейбітшілік туралы келіссөз жүргізуге дайын, - деп хабарлайды ҚазАқпарат

Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоровтың айтуынша, қазіргі таңда келіссөздер өтетін орын мен оның уақыты белгіленіп жатыр, – деп хабарлайды реселік ТАСС агенттігі.
«Украина келіссөздер жүргізуден бас тартты деген ұғымды жоққа шығару керек болып тұр. Украина әлемде атысты тоқтату мен бейбітшілік туралы сөйлесуге дайын екендігін мәлімдеп келген, әлі де солай болып қала бермек. Бұл біздің тұрақты ұстанымымыз. Біз РФ Президентінің ұсынысына келістік», – деп жазды Сергей Никифоров жұма күні өзінің Facebook парақшасында. «Осы уақытта келіссөздер жүргізілетін орын мен оның уақыты келісіліп жатыр. Келіссөздер неғұрлым ерте басталса, қалыпты өмірге соғұрлым ерте ораламыз», – деп жазды ол.
Осыған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Украинамен келіссөздер жүргізу үшін Минскіге Ресей делегациясын жіберуге дайын екенін мәлім еткен болатын. Кешірек Песков Украина тарапының келіссөздерді Беларусь астанасында жүргізу туралы ұсынысқа оны Варшавада өткізу туралы айтып, кейін байланысты үзгендігін айтты. Ресей президенті Владимир Путин 24 ақпанда Донбасс мемлекеттері көмек сұраған соң Украинада арнайы әскери операция жүргізетінін жариялаған болатын. Ол Украина аумақтарын оккупациялау Мәскеудің жоспарына кірмейтінін, операция жүргізудегі мақсат елді демилитаризациялау екенін ескертті. РФ Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, әскер қалаларға соққы жасамайды, олар тек Украинаның әскери инфрақұрылымын істен шығаруды көздеп отыр. Сондықтан бейбіт тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.