Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2 наурыздағы жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір жоқ. «Сары» аймақта: Солтүстік Қазақстан облысы. «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары.Алайда бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді.