Украинадағы ахуалға байланысты Ресейге салынған санкциялардың зияны Қазақстанға да тиді, – деп жазады inbusiness.kz.
Үндістан билігі бүгін Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты. Шектеу көрші елдегі Urals мен ESPO өнімдеріне де қойылған. Үндістанның мұнай өңдеу зауыты бұны қауіп-қатердің алдын алу үшін жасағанын мәлімдеді. Алпауыт компания ресейлік кәсіпорындардың төлем қабілетіне күмән келтіріп, сақтандыру тәуекелдері басым екенін алға тартып отыр.Сондықтан трейдерлерге қазақстандық CPC Blend шикі мұнайын ұсынбауды сұраған. Бұл – ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз. Себебі, экспортталған қара алтынның 5 пайызы Үндістанға тиесілі. Өткен жылдың өзінде 3,2 млн тоннаға тең шикізат 1,5 млрд долларға саудаланыпты.
Энергетика министрлігінің хабарлауынша, егер сатушы мұнайды МӨЗ-дерге дейін жеткізіп берсе ғана IOC мұнайды сатып алады.