LIVE: Ресей – Украина соғысы. 7-күн
LIVE: Ресей – Украина соғысы. 7-күн
©А.Ахметқазы
521
оқылды
18:45 - БҰҰ-ның мәліметі бойынша, соңғы алты күнде Украинадан 836 мыңға жуық адам кеткен. 17:43 - Еуропалық Одақ "ВТБ", "Ресей", "Открытие", "Новикомбанк", "Промсвязьбанк", "Совкомбанк" және "ВЭБ" банктерін SWIFT-тен өшірді. 17:31 - Украина мен Ресей делегациясының екінші келіссөзі бүгін, 2 наурызда кешке өтеді. Бұл туралы Владимир Зеленскийдің кеңсесі басшысының кеңесшісі Алексей Арестович мәлімдеді. 17:15 - Украина президенті Владимир Зеленский соғыс басталғалы бері 6 мың ресейлік әскери адам қаза тапқанын хабарлады. Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украина тарапы таратқан ақпаратқа ешқандай түсініктеме бермеді. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путинге ақпарат жеткізілгенін, бірақ Кремль ондай деректі жарияламайтынын айтты. 14:34 - DHL компаниясы Ресей мен Беларуське жүк пен құжаттар жеткізуді тоқтатты. 13:05 -  Ресей Қорғаныс министрлігі әскери күштерінің Херсонды толық бақылауына алғанын мәлімдеді. 12:00 - «Новая газетаның» дата бөлімі Украинадағы соғыстың картасын жариялады. Ресей әскерлері Украина жеріне төрт бағытта шабуылдап жатыр. Елдің солтүстігінен Чернигов және Сумы облыстары арқылы Киевке; солтүстіктен Харьковқа; оңтүстіктен Херсонге, Запорожьеге, Мариупольға ДХР мен ЛХР жақтан соққы жасап жатыр. [caption id="attachment_186427" align="aligncenter" width="1200"]краинадағы соғыс ошақтары, 2 наурыз, 12:00. Украинадағы соғыс ошақтары, 2 наурыз, 12:00. Дереккөз: "Новая газета"[/caption] - Сбербанк еуропалық нарықтан шығатын болды. Банктің мәлімдемесінде Еуропа елдеріндегі Сбербанктің қарызы көбейіп, қызметкерлерге қауіп төнгенін жазған. - Халықаралық Валюта қоры мен Дүниежүзілік банк Украинаға 3 миллиард доллар бөледі. - АҚШ Ресей ұшақтары үшін әуе кеңістігін жабады. АҚШ әскері Украинадағы қақтығысқа қатыспайды. Бұл туралы Джо Байден Конгрессте айтты. - 2 наурыздан бастап Ресейден 10 мың доллардан астам қолма-қол шетел валютасын шығаруға тыйым салынды. Владимир Путин сол туралы Жарлыққа қол қойды. - BMW Group Ресей нарығына автокөлік жеткізуді тоқтатады. - Киев телемұнарасына снаряд немесе зымыран түсті. Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрлігі "Ресейге қарсы ақпараттық шабуылдардың алдын алу үшін" соққы беретінін хабарлаған еді. - Франция Украинаға тағы 100 миллион еуро қаржы және гуманитарлық көмек бөлді. - Ұлыбритания Украинаға гуманитарлық көмекке шамамен 300 миллион доллар бөледі. Бұл туралы премьер-министр Борис Джонсон мәлімдеді. Ұлыбритания Украинадан 200 мың босқынды қабылдауға дайындалып жатыр.