Еуропада газ бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
Еуропада газ бағасы рекордтық көрсеткішке жетті
184
оқылды
Еуропадағы газдың биржалық бағасы 59%-ға өсіп, жаңа рекорд орнатты. Мұны Лондонның ICE Futures биржасының мәліметтерінен көруге болады.
РИА Новости сайтының жазуынша, сәуір фьючерсі ашылған кезде 1500 доллар көлемінде сатылып, кейін сәл төмендегенімен, көп ұзамай баға өсе бастап, Мәскеу уақытымен 11:58-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 14:58) 2226 долларға жетті. Бұл кешегіге қарағанда (1 396,5 доллар) 59,4%-ға жоғары.
Соңғы күндері Еуропада газ бағасы қатты құбылып тұр.
Егер ақпан айының басында және ортасында фьючерстер мың текше метрге 800-1030 доллар аралығында саудаланса, айдың соңында күрт көтеріліп, 1650 долларға дейін жетті. Сарапшылар Еуропадағы газ бағасы бұдан да жоғарылауы мүмкін екенін болжап отыр.