Қаңтар оқиғасы: полицейлер 288 миллион теңгеге ұрланған мүлікті тәркіледі
Қаңтар оқиғасы: полицейлер 288 миллион теңгеге ұрланған мүлікті тәркіледі
314
оқылды
ҚР Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасында зардап шеккен тұрғындар мен кәсіпкерлерге шығын орнын толтыру шаралары туралы айтып берді.
«Полиция органдары жұмысы ең әуелі зардап шеккен азаматтарға, бизнес өкілдеріне жәрдемдесуге және келтірілген залал орнын толтыру шараларына бағытталғанын атап өткім келеді. Азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің ұрланған мүлкін анықтау және алу бойынша жұмыс та жалғасуда. Жаппай тәртіпсіздіктер барысында 1502 бизнес объектісі шабуылға ұшырады, оның ішінде 1360 сауда нүктесі мен дүкен, 36 банк офисі мен көшедегі банкомат, 31 қоғамдық тамақтану орны, 26 ломбард, 21 жанармай станциялары, 6 базар, 4 валюта айырбастау пункті, 3 дәріхана, 1 автосалон мен кәсіпкерліктің басқа да объектілері бар», – деді С. Әділов.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Оның айтуынша, полицейлер жалпы сомасы 288 млн теңдеген асатын ұрланған мүлікті тапқан.
«Залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету жалғасады және жұмыстың анағұрлым басым бағыты болып қала береді. Барлығы қылмыстық істер бойынша 1,5 мыңнан артық жеке және заңды тұлға жәбірленуші ретінде танылды, 12 мыңнан астам азаматтан куә мен жәбірленуші ретінде жауап алынды, 2200 сот сараптамасы тағайындалды», – деді Санжар Әділов.