Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
173
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысымен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина тарапының бастамасы бойынша Президент Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Толық ақпарат кейінірек беріледі", - деді Берік Уәли.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.